«Мен жүрек соғуын тексеру үшін екінші рет УДЗ-ға бардым, сонда жүктілік жатырда емес, жатыр мойнында екені анықталды, ауырсыну мен қан кету басталды, осылайша жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға түстім. Мұнда дәрігерлер өмір үшін ғана емес, болашақ үшін де күресті – тірі қалдым, жатырым да аман, менде ана атану мүмкіндігі бар», — деп еске алады Құралай.
Төртінші қалалық ауруханада жасалған отадан кейін алматылық Құралай жүкті болып, босануға мүмкіндік алды – дәрігерлер күрделі патологияға қарамастан жатырды сақтап қала алды.
Әйел жедел түрде ауруханаға «жатыр мойнының жүктілігі 8-9 апта» диагнозымен түсті, жүктілік дамуының мұндай патологиясы кезінде қан кетусіз болмайды әрі органды жоғалту қаупі он есе артады.
Төртінші қалалық ауруханада жоғары сапалы диагностика жүргізуге барлық жағдай жасалған және қызметкерлердің тәжірибесі мен біліктілігі жеке емдеу стратегиясын құруға мүмкіндік береді.
«Әйелдің жасы 30-дан асқан, ол жақында тұрмысқа шықты және бұл оның көптен күткен алғашқы жүктілігі. Бізге тек тиімді емдеу тактикасын әзірлеу керек болды. Оның үстіне жатыр мойны жүктілігінің 8-9 аптасы кезінде жатырды сақтап қала алдық. Қырып тазарту кезінде қан кету және органды жоғалту мүмкіндігі болды. Қалай болғанда да жатырды сақтап қалдық. Әйелдің ана атану мүмкіндігі бар», — деп бөлісті Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың емдеуші гинекологы Анжела Умаркулова.
Дәрігерлер Құралайды үш кезеңде құтқарды: рентген-эндоваскулярлық хирургия бөлімінің интервенциялық хирургтары бірінші болып іске кірісті, интервенциялық оталық бөлмеде ангиограф аппаратының көмегімен «жатыр артерияларының эмболизациясы» жасалып, жатырды қамтамасыз ететін қан ағымы төмендетілді. Жүктіліктің қуыққа таралу қаупі жоғары екенін ескере отырып, жұмысты оталық гинекологтар жалғастырды. Олар қан кетудің алдын алу мақсатында екінші кезеңге өтіп, лапароскопиялық бақылаумен жүктілікті алып тастауды жүзеге асырды. Үш кезең екі күнге созылды. Науқас 48 сағат бойы дәрігерлердің: хирургтардың, гинекологтардың және реаниматологтардың жіті бақылауында болды, олар оның өмірлік көрсеткішін қадағалап отырды.
«Бұл әдіс біздің ауруханада алғаш рет қолданылып отырған жоқ, дәрігерлердің бұл патологияны емдеуде және органды сақтап қалатын терапияда үлкен клиникалық тәжірибесі бар. Бұған дейін тыртыққа өніп кететін жүктілік жағдайы болған. Тыртықты кесіп тастап, жатырды қайта тігіп сақтап қалдық. Жатыр мойнындағы жүктілік кезінде органды сақтау әрдайым мүмкін бола бермейді, жатырды алып тастаумен аяқталған жағдайлар да болды. Әр жағдай әр түрлі. Ең бастысы, тағы бір жүктілікке мүмкіндік бар. Бірақ мен жергілікті дәрігердің қосымша бақылауын және инфекция мен гормоналды деңгейге қатысты кешенді тексеруді, уақыт өте келе ультрадыбыстық бақылау арқылы жалпы қалпына келтіру терапиясын ұсынамын. Содан кейін міндетті түрде бәрі болады», — дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі Сергей Лысенков.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз