Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды жаңаша тойлау туралы айтты

Агзам Текенов by Агзам Текенов
20 марта, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурызды жаңаша тойлау туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, бұл мерекені жаңаша тойлау туралы айтты,  деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі.

Шуақты көктем мерекесін бүкіл ел болып асыға күтеміз. Біз тағдырымызбен сабақтас әз-Наурыздан өткен ғасырда еріксіз ажырап қалдық. Егемендіктің елең-алаңында ежелгі салтымызбен қайта қауыштық. Наурыздың көне дәстүрлерін нығайту үшін Елбасы бұл мерекені мемлекеттік мейрамға айналдырды.

Жыл басында жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаламда Наурызды жаңаша атап өту қажеттігіне тоқталдым. Мерекенің әр сәті елге пайдасы тиетін, ұрпаққа өнеге болатын игілікті іске ұласуға тиіс.

Сондықтан, қазір барлық аймақта жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор көптеген шара қолға алынуда. Мұның бәрін Амал айынан кейін де жалғастыра береміз.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Ұлыстың Ұлы күнін тойлау қалалар мен ауылдардың ауқымды алаңдары мен көрікті көшелерінде өтетін бірнеше сағаттық іс-шарамен ғана шектелмеуі қажет. Наурыз – ең алдымен, тағылымы мол отбасылық мейрам. Мерекелік көңіл-күй барлық шаңырақта болуы керек. Жастар үлкендерге сәлем беріп, батасын алса, бір-біріне ақ тілектерін арнаса, қандай жарасымды?!

Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл туралы Ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» деп жырлаған.

Мейрамның терең философиялық мазмұны жақсылықты ешқашан ұмытпай, қайырымдылықтың қадірін білуге және табиғатпен үндестікте өмір сүруге үндейді.

Ел ұғымында қырдың қызғалдағы – нағыз көктемнің нышаны. Осы орайда, қызғалдақ гүлін Ұлы даладағы Ұлыстың Ұлы күнінің басты белгісі ретінде бекітуге болады.

Құрметті қазақстандықтар!

Қазір дүниеде геосаяси дүрбелең белең алып, халықаралық тартыстар шиеленісе түсуде. Коронавирус індеті өршіп, әлем экономикасындағы дағдарыс күшеюде. Осындай күрделі кезеңде Қазақстан халқы барлық сын-қатерлерге төтеп беру үшін бірлігін бекемдеп, қайсарлық танытуы қажет.

Біздің бабаларымыз ежелден Ұлыстың Ұлы күні бір-біріне көмектесіп, қиын кезеңде қолындағы барын бөліскен. Осы игі дәстүрді халқымыз әлі күнге дейін берік ұстанып келе жатқаны көңіл қуантады.

Пандемия кезінде ондаған мың дәрігер мен мейірбике, тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілер және еріктілер елдің денсаулығын сақтау үшін аянбай еңбек етуде. Микробиолог мамандарымыз аз уақыттың ішінде коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарды.

Азаматтарымыздың нағыз мәрттігі мен  шынайы жанашырлығын, зор жетістіктерін әйгілейтін мысалдар өте көп. Мұны өздеріңіз көріп-біліп жүрсіздер. Мызғымас бірліктің, татулық пен тұрақтылықтың арқасында еңсесі биік ел болып отырмыз.

Әз-Наурыз – ізгілік пен қайырымдылықтың, мейірім мен жанашырлықтың мерекесі. Біз ұсынған әділетті қоғам және әлеуметтік мемлекет қағидасы осы құндылықтармен толық үндеседі.

Сонымен бірге, Наурыз – елді еңбекке жұмылдырып, ырысымызды молайтатын мейрам. Біз бабалар жолымен білек сыбана жұмыс істеп, Қазақстанды бәсекелік қабілеті зор, қуатты мемлекетке айналдырамыз.

Наурыздың тағы бір белгісі – ұқыптылық пен тазалық. Қазақ – табиғатқа етене жақын халық. Ұлыстың Ұлы күні бұлақтың көзін ашып, ағаш егу, қоршаған ортаны таза ұстау – ертеден жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Біз қолға алған «Таза табиғат» жобасының негізгі мақсаты – сол игі шараны жалғастыру.

Осылайша, Ұлыс күнін сан түрлі сипатта атап өту ата салтымыз бен ұрпақтар сабақтастығын сақтау  үшін керек. Қазақта «Салтына қарап, халқын танисың» деген қанатты сөз бар. Ұлттың жаңа болмысы жақсы дағды мен жағымды қасиет арқылы қалыптасады.

Биыл біз тарихи меже – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыттың ішінде еліміз толағай табысқа жетті. Бірақ, жетістікке марқайып, босаңсуға болмайды. Біз мемлекетімізді жүйелі өзгерістерге жетелейтін ауқымды реформаларды жалғастыра береміз.

Жан-жақты жаңғыру ұлтымызды өрге бастап, Қазақстанның Мәңгілік ел болуына жол ашады. Біздің басты мақсатымыз – осы!

Босағамыздан аттаған Жаңа жыл баршаңызға ырыс-несібе әкелсін деп тілеймін!

Әр шаңыраққа қыдыр қонып, құт дарысын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Келесі жаңалық

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1310 адам жұқтырған

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды
Мәдениет

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

16 июля, 2026
Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті
Басты

Respublica сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін бекітті

4 июля, 2026
KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды
Басты

KMF Банк пен Түркі инвестициялық қоры 10 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойды

3 июля, 2026
KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды
Басты

KMF Банк пен ЕҚҚДБ Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдауға жалпы сомасы 50 млн долларды құрайтын екі келісімге қол қойды

1 июля, 2026
Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда
Саясат

Respublica партиясы: кәсіпкерлік пен жастар — басты назарда

26 июня, 2026
Келесі жаңалық
Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа қайта енді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1310 адам жұқтырған

Алматыдан онколог скринингті өту маңызы туралы айтты

Алматыдан онколог скринингті өту маңызы туралы айтты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда жылу беру маусымы ертерек басталуы мүмкін

Алматыда жылу беру маусымы ертерек басталуы мүмкін

28 сентября, 2023
Әуежайлардың өнімділігі барған сайын инфрақұрылымға емес, операциялардың үйлесімділігіне тәуелді

Әуежайлардың өнімділігі барған сайын инфрақұрылымға емес, операциялардың үйлесімділігіне тәуелді

17 марта, 2026
Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды

Өскеменде өрт шыққан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды

23 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.