Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек

Жер сілкінісі кезінде қалай қорғану керек

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Жер сілкінісі кезінде мына амалдарды орындау керек:

— ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);

— егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;

— ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балконнан секірмеңіз.

— сыртта жүрсеңіз, ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;

— үйге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;

— лифттерді пайдаланбаңыз;

— сіріңке, шам жақпаңыз:

— сымдарды ұстамаңыз;

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.