Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді

Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Сот бүгін прокурор оқыған тиісті өтінішті қанағаттандырды.

«Сот өтінішхатты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Абылай Исабекұлы Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралады. Шешімге шағым жасауға болмайды», — деді судья Айжан Құлбаева.