Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Білім

Қазақстандық студенттер Huawei компаниясының айтулы әлемдік додасының финалистері атанды

admin by admin
19 декабря, 2023
Қазақстандық студенттер Huawei компаниясының айтулы әлемдік додасының финалистері атанды

Қазақстандық студенттер командасы Huawei ICT Competition халықаралық білім беру байқауының өңірлік финалына қатысушылардың қатарына енді. Конкурсты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлемдік көшбасшысы Huawei компаниясы жыл сайын өткізеді және оның мақсаты әлемнің түкпір-түкпірінен шыққан талантты студенттерді қолдау, сондай-ақ АКТ саласындағы білім беру, ғылыми және қолданбалы қызметті ынталандыру болып табылады.

Байланысты

Спорттық білім беруді жаңғыртудың бес жылдық кезеңі жаңа белеске көтерілді: Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды

Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition 2025-2026 жаһандық финалының жүлдегерлері атанды

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

Қазақстанда ICT Competition байқауына қатысуға іріктеу туры 2023 жылдың қыркүйек айынан қазан айына дейін екі кезеңде өтті және 33 жетекші университеттер мен Huawei АКТ-академияларын қамтыды. Іріктеу кезеңіне 2 000-нан астам студент қатысты, олар Network track, Cloud track және Computing track атты үш бағыт бойынша өз білімдерін сынады. Оның қорытындысы бойынша ұлттық финалға үздік нәтиже көрсеткен 152 студент шықты.

«Біз бүгін біздің өмір салтымызды, жұмысымызды және қарым-қатынасымызды жаңаша айқындайтын қарқынды ілгерілеудің куәсі болып отырмыз. Бүгінде, Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басқан кезде, жастарымызды осы жаңа технологиялық ортада табысты даму үшін қажетті дағдылармен және біліммен қаруландыруымыз өте маңызды», — деп өз сөзінде Динара Щеглова, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрi атап өттіі. — «Біздің білім беру мақсаттарымызға сәйкес келетін маңызды бастамалардың бірі — Huawei ICT Competition байқауы. Аталмыш дода студенттер үшін де, олардың оқытушылары үшін де біліммен, тәжірибемен және инновациялық идеялармен алмасуға ықпал ететін динамикалық алаң ретінде қызмет етеді. ICT Competition сияқты бағдарламалар біздің студенттерге білім алуға, инновациялар ойлап табуға және еліміздің өсуі мен өркендеуіне үлес қосуға құнды мүмкіндік береді».

Өңірлік финалда Қазақстанның атынан еліміздің ұлттық финалының алты жеңімпазы қатысады. Екі қазақстандық команда Cloud Track және Computing Track бағыты бойынша Таяу Шығыс пен Орталық Азияның ең мықты студенттерімен жарысады. Осы раундтан сәтті өткен жағдайда біздің студенттер байқаудың жаһандық финалына қатысуға мүмкіндік алады.

 

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Дидар Молдахметов пен Аида Бегайдарова, сондай-ақ KBTU студенті Гаухар Жанель Cloud Track бағытының қатысушылары атанды. Ал Computing Track бағыты бойынша Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен Оралбай Утебай, KBTU-дан Даниял Сарсенбай және Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дан Николай Жиляков сынды қатысушылар еліміздің намысын қорғайды.

 

«АКТ саласындағы әлемдік көшбасшы ретінде Huawei әрқашан инновацияларды ынталандыруға, жас таланттарды қолдауға және академиялық салаға үлес қосуға ұмтылады. Біздің білім беру бағдарламаларымыз арқылы біз студенттерге оқуға ықпал ететін және оларды цифрлық дәуірдің қиындықтары мен мүмкіндіктеріне дайындайтын құралдарды ұсына отырып, олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысамыз. Осы мақсатта біз Huawei ICT Competition байқауын ұйымдастырдық, ол біздің басқа бағдарламаларымыз сияқты практикалық дағдыларды дамытуға және АКТ саласындағы таланттарды қолдауға зор көмек көрсетеді. ICT Competition біздің болашақ технологиялық көшбасшыларымыздың білімін нығайту үшін сынақ алаңы ретінде қызмет етеді. Ол студенттерге өз таланттарын халықаралық деңгейде көрсетуге, өз жобалары туралы сараптамалық пікір білуге және бүкіл өміріне азық болар білім қорын меңгеруге бірегей мүмкіндік береді», — деді Huawei Technologies Kazakhstan Бас директорының орынбасары Сью Хай.

 

Huawei ICT Competition байқауына қатысушылар өз дағдыларын көрсетуге, пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасауға және соңғы технологиялық жетістіктерден хабардар болуға мүмкіндік алады. Huawei компаниясының білім беру мүмкіндіктерін кеңейту миссиясын қолдау мақсатында құрылған аталмыш байқау бүкіл әлем бойынша АКТ бағытындағы студенттердің идеялармен алмасатын және инновациялық ойлауын дамытатын ынталандырушы ортаға айналып отыр.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Яндекс Қазақстан: енді Карты қолданбасында сүйікті орындардың тізімдерін жасауға болады

Келесі жаңалық

Қайрат Сатыбалдыұлының үкімді өзгерту туралы өтініші: сот шешім шығарды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Спорттық білім беруді жаңғыртудың бес жылдық кезеңі жаңа белеске көтерілді: Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды
Білім

Спорттық білім беруді жаңғыртудың бес жылдық кезеңі жаңа белеске көтерілді: Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды

2 июля, 2026
Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition 2025-2026 жаһандық финалының жүлдегерлері атанды
Білім

Қазақстандық студенттер Huawei ICT Competition 2025-2026 жаһандық финалының жүлдегерлері атанды

9 июня, 2026
Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр
Білім

Қазақстан білім беру саласында жаһандық топ-20 қатарына еніп, дамыған жүйелер арасындағы позициясын нығайтып жатыр

8 апреля, 2026
Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог
Білім

Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

6 октября, 2025
«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады
Білім

«Аграркаполия»: Жаңа адамдар ҚазҰАЗУ әкімшілігін университет корпустарын сатуды тоқтатуға шақырады

23 сентября, 2025
Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды
Басты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

28 августа, 2025
Келесі жаңалық
Қайрат Сатыбалдыұлының үкімді өзгерту туралы өтініші: сот шешім шығарды

Қайрат Сатыбалдыұлының үкімді өзгерту туралы өтініші: сот шешім шығарды

Қазақстан уранының Қытайға экспорты рекордты көлемге жетті

Қазақстан уранының Қытайға экспорты рекордты көлемге жетті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Бір жарым мыңнан астам адам «Тазару» жалпыұлттық эко-акциясына қатысты

Бір жарым мыңнан астам адам «Тазару» жалпыұлттық эко-акциясына қатысты

23 марта, 2024
Алматыда жүрекке ашық операциясыз жоғары технологиялық ота жасалды

Алматыда жүрекке ашық операциясыз жоғары технологиялық ота жасалды

17 марта, 2026
«Қазақмыс» ҚМЗ мен ТГМЗ-ның технологиялық әлеуетін күшейтуде

«Қазақмыс» ҚМЗ мен ТГМЗ-ның технологиялық әлеуетін күшейтуде

29 июня, 2026

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.