Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған

Алматыда фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған

Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

«Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.