Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Әди Шәріпов көшесінде «Almaty Hostel» Халық банкіне тиесілі ғимаратта орналасқан, деп хабарлайды Qazaqpress.
«Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған. Бұл хостел Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ», — деп хабарлады әкімдіктен.
Оқиға орнында Алматы әкімі Ерболат Досаев, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жүр.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз