Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

Мәжіліс Ерлан Нысанбаевтың экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына кандидатурасына келісіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін Зульфия Сүлейменова басқарған болатын.