Ақмола облысында жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалды

Ақмола облысында жұмысшының өліміне байланысты іс қозғалды

Ақмола облысында жұмысының өліміне байланысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға қарашаның 18-де Аршалы ауданында болған.

Белгілі болғандай, құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген 57 жастағы астаналық
4 метр биіктіктен құлап, көз жұмған.

— Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруде, — деді ведомстводан.