Тоқаев Минск пен Бакуге барады

Тоқаев Минск пен Бакуге барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада Минскке және Бакуге барады, деп хабарлайды Qazaqрress Ақордаға сілтеме жасап.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Ал 24 қарашада Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады, — делінген хабарламады.