Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Ұлттық баспасөз-конференциясында қант диабетімен күрес бойынша мемлекет, медициналық қауымдастық, бизнес және пациенттердің бірлескен шаралары талқыланды

admin by admin
10 ноября, 2023

АСТАНА, ҚАЗАҚСТАН. 9 қарашада Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің, эндокринолог-дәрігерлер мен пациенттік ұйымдардың қатысуымен Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күніне арналған Ұлттық баспасөз-конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС компаниясының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болды. Жиынның талқылауы елдегі қант диабетінің ауыртпалығы тақырыбына және осы кеселмен күресуде Үкіметтің, медициналық қауымдастықтың, бизнестің және пациент ұйымдарының бірлескен шешімдерін іздеуге арналды.

Байланысты

Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді

Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні атап өтіледі, дәл осы күні Нобель сыйлығының лауреаты, инсулиннің негізгі әзірлеушілерінің бірі — Фредерик Бантинг дүниеге келген. Халықаралық диабет федерациясының (IDF) мәліметтері бойынша әлемде шамамен 537 миллион адам қант диабетінен зардап шегеді. ҚР-да бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам пациент бар, ал жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін осы дертке шалдығудың жаңа жағдайлары тіркеледі. Қазақстан және әлем бойынша эпидемиологиялық деректер сырқаттанушылық ауыртпалығының тұрақты өскенін және пациенттер санының артқанын растайды. Мәселен, әлемде 2045 жылға қарай 783 млн. пациентте осы кесел тіркеледі деп күтіледі, бұл 2021 жылғы пациенттер санымен салыстырғанда (541 млн.) 46%-ға өсімді құрайды.

ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасының басшысы, Мақсұтова Гүлнар Естаева: «Мемлекет қант диабетімен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсетеді және пациенттерді дәрілік заттармен және қажетті еммен, оның ішінде инновациямен тегін қамтамасыз ету бойынша аймақта жетекші орын алады. Тегін негізде пациенттерге сенімді дәлелді базасы бар препараттардың барлық дерлік топтары қол жетімді. Сонымен қатар, жалпы сақтандыру аясында диагностикалық скринингтер мен қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу да енгізілген».

Қант диабеті Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар аурулардың қатарында және пациенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін терапия ала алады. Қазақстандық клиникалық хаттамалар қант диабетін зерттеу бойынша жетекші кәсіби ғылыми қауымдастықтардың стандарттарына сәйкес келеді және өзектілікті сақтап отыру мақсатында үнемі қайта қаралады.

Адамдардың едәуір бөлігі қант диабетінің өзінде бар екенін білмейді. IDF деректері бойынша, 2021 жылы Қазақстанда қант диабетінің таралуы бойынша 808 мың адам қант диабетімен өмір сүрді, оның ішінде 320 мыңға жуық қазақстандық диагноз қойылмаған қант диабетіне шалдыққан. Конференция барысында ДСМ бас штаттан тыс балалар эндокринологы Әбдуахасова Гүлмира Қасенқызы аурудың дамуының негізгі факторларына қазақстандықтардың өмір салтындағы өзгерістер (аз қозғалыстағы өмір салты, дұрыс тамақтанбау, семіздік, стресс), жалпы урбанизация, тұқым қуалаушылық, бастапқы диагностиканың болмауы және өзге де факторлардың кіретінін атап өтті. Сондай-ақ, қант диабетінің жасару үрдісі мен балалар арасында ауру жағдайының өсу қарқыны байқалады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанда 5447 бала есепте тұр.

Диабеттік Ата-аналар комитетінің президенті, Руслан Зәкиев: Диабеттік ата-аналар комитетінің жұмысы туралы әңгімеледі, комитет пациенттерге күтім көрсету сапасы мен олардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қант диабетімен ауыратын адамдарды ақпараттандырумен, қорғаумен айналысады.

Осы баспасөз-конференциясы ҚР ДСМ-нің 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы шараларының, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ново Нордиск Қазақстан» ЖШС қол қойған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асырудың бір бөлігі болып табылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Ново Нордиск Казахстан» ЖШС компаниясының бас директоры Рана Азфар Зафар: «Әлеуметтік жауапкершілікті сақтайтын бизнестің үлгісі бола отырып, компания қант диабеті саласында үздіксіз медициналық білім беру бойынша жобаларды іске асырады, ғылыми және зерттеу әлеуетін арттыра түседі және қант диабетімен өмір сүретін адамдар үшін терапияның инновациялық әдістерін пайдалана отырып шешімдер ұсынады. «Ново Нордиск Казахстан» ЖШС ересектер мен балаларға арналған қант диабеті туралы ақпараттық материалдарды құруға бастамашылық етеді, ал олар компанияның сайтында қолжетімді. Биыл компания 4 сериядан тұратын «Диабет Достары» балалар мультфильмін қазақ және орыс тілдеріне бейімдеп, оларды 1 типті қант диабеті бар балалар мен олардың ата-аналарының осы кесел туралы хабардарлығын арттыруды басқару мақсатымен денсаулық сақтау министрлігіне тапсырды. Сондай-ақ, биыл және келесі жылы арнайы әлеуметтік ақпараттық кампанияны әзірлеу және оны іске қосу арқылы халықтың қант диабеті туралы хабардарлығын ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғаса түседі. Біз ауыр созылмалы аурулармен, соның ішінде қант диабетімен күресте инновацияларды енгізуді жақтаймыз. Бұл — біздің жаһандық миссиямыз және біз құрылғаннан бері 100 жылдан астам уақыт бойы осы қағиданы берік ұстанып келеміз».

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекетке, медициналық қауымдастыққа, бизнеске және пациенттік ұйымдарға Қазақстандағы қант диабетінің ауыртпалығын төмендету және пациенттерді емдеуде үздік нәтижеге қол жеткізу бағытында күш біріктіріп, өзара жәрдемдесудің маңыздылығын атап өтті.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев қамауға алынды

Келесі жаңалық

Алматыда Қазақстанның жетекші мамандары мен беделді көшбасшылар орфандық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласы  ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан  кейін науқасты  аяғына тұрғызды
Денсаулық

Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

26 февраля, 2026
Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Денсаулық

Депутат Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

4 февраля, 2026
Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді
Денсаулық

Алматыдағы онкологиядағы жасанды интеллект: диагностикадан робототехникаға дейін – пациенттерге күтім жасау қалай дамып келеді

3 февраля, 2026
Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды
Денсаулық

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

17 января, 2026
Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Денсаулық

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

16 января, 2026
Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді
Денсаулық

Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді

16 января, 2026
Келесі жаңалық
Алматыда Қазақстанның жетекші мамандары мен беделді көшбасшылар орфандық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылады

Алматыда Қазақстанның жетекші мамандары мен беделді көшбасшылар орфандық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылады

Freedom Holding Corp. 2024 қ.ж. ІІ тоқсанындағы кірісі 2,4 есеге ұлғайды

Freedom Holding Corp. 2024 қ.ж. ІІ тоқсанындағы кірісі 2,4 есеге ұлғайды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды

Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды

1 декабря, 2020
Алтай Көлгінов: Елорданың жеке сектор тұрғындары үйлеріне газ кіргізіп жатыр

Көлгінов спорт кешендерін тиімді пайдалануға шақырды

1 февраля, 2021
Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

9 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
  • Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
  • Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.