2 қарашада Алматыда Аймақтық жарнамалық форум (RAF) өтеді

2 қарашада Алматыда Аймақтық жарнамалық форум (RAF) өтеді

Оңтүстік астанада қарашаның 2-сі күні Құрманғазы 44 мекенжайындағы Қабылдау үйінде жарнама саласындағы маңызды шаралардың бірі – Аймақтық жарнама форумы (RAF) өтеді.

Форумға жарнама, медиа және маркетинг саласындағы жетекші тұлғалар – жарнама агенттіктері, сейлз-хаус, сыртқы жарнама операторлары, БАҚ өкілдері және жетекші маркетологтар қатысады.

Биылғы жылы RAF 2023 басты тақырыбы – «Интеграциялық стратегия».

Форум барысында қатысушылар екі залда өтетін 32 баяндама мен пікірталас алады.

Іс-шараға офлайн режимде қатыса алмайтындар үшін онлайн-трансляция сілтемесі арқылы қолжетімді.

https://www.youtube.com/live/artWPvEDTl4?si=l0Gke7TORro4CaOQ

RAF 2023 Tribune марапаттау рәсімімен аяқталады.

Tribune премиясы биыл үшінші рет өткізіледі және Қазақстан мен Орталық Азиядағы өз саласы бойынша жалғыз. Сыйлыққа үміткерлер 2022 жылдың 4 қазаны мен 2023 жылдың 3 қазаны аралығында интернет-басылым жариялаған эксклюзивті сұхбаттардың, арнайы жобалардың және жаңалықтардың кейіпкерлері болды.

Қазылар алқасының құрамында жарнама, маркетинг және PR индустриясының танымал және беделді өкілдері болды — Виталий Савков, Vi Digital Kazakhstan бас директоры; Олеся Колесниченко, PR Guide PR агенттігінің директоры; MediaInsider басшысы Виталий Бейлер және Home Credit Bank PR қызметінің жетекшісі Әсел Тынышбекова.

Салтанатты шарада «Үздік жаңалық», «Үздік арнайы жоба», «Үздік мақала» және «Үздік сұхбат» номинациялары бойынша 4 лауреат анықталады.

Форумды Орталық Азия жарнама қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

RAF 2023 ресми серіктестері -Yandex Ads, Home Credit Bank Kazakhstan, Coca-Cola.

Серіктестер — ТV Меdia Advertising Agency, GoAhead, Admixer Advertising№

Ивент-серіктес — EZ Solutions

Ақпараттық серіктестер — Tribune.kz, КТК, NUR.kz, Zakon.kz, Optimism.kz, BIZ Media, Global News, Weproject.Media, Almaty TV, Qazaqpress, Marketing.uz (Маркетинговая ассоциация Узбекистана).

Премия серіктестері — Wunder-Digital, Zerde Publishing, Leadbros и GlobalNews.kz.