Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті

admin by admin
31 октября, 2023
«ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен кетті
Buy JNews
ADVERTISEMENT

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев қызметінен кетті. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Басқарма төрағасы өз шешімімен қызметтен кеткенін мәлім етті.

Байланысты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

«Құрметті достар, қадірлі әріптестер! Бүгін жеке шешіміме сәйкес «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін аяқтадым. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестеріммен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған жолдарды қолға алып, жобаларды аяқтау үшін аянбай еңбек еттік. Үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ деп сеніммен айта аламын. Соңғы екі жыл ішінде 7 млн тонна асфальт төселді. Бұл дегеніміз шамамен 2,5 мың шақырым жол жаңа асфальтпен қамтылды деген сөз.
Ел аузында жүрген Атырау-Астрахан, Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайхын күре жолдарында жұмыстар қайта басталды. Бұл жолдардың құрылысы аяқталуға жақын. Ақтөбе-Қандыағаш, Үшарал-Достық, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, Қарағанды-Балқаш, Күрті-Бұрылбайтал, Меркі — Бұрылбайтал және т. б. бағыттарда асфальт төселіп, жол қозғалысы ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірыңғай автожол компаниясын құру аясында жұмыс жүргіздік. Жыл сайын материалдық-техникалық база мен арнайы жол техника паркі жаңартылып отырды. Арнайы техника санын 400 бірлікке арттырдық. Бұл жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, автожол саласы мемлекет басшысының тарапынан да, тұрғындарымыздың тарапынан да бірнеше рет сынға ұшырады. Жолдың мәселесі бір күнде шешілмейді. Оң өзгеріске қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыстану керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес былтырдан бері саланы реформалау үшін бірқатар шара қабылдануда. Өз тарапымыздан шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, құзыретті органдарға бірқатар ұсыныс жолдадық. Жолшының мамандығы кабинетте отырмай, үнемі құрылыс басында болуды талап етеді. Бұл қағиданы сақтадық», — деп жазды ол.

Мейірхат Қасымбаев әріптестеріне, жұмысына адал қараған мердігерлерге және күндіз-түні жолда жүрген әрбір жолшы маманға алғыс айтты.

Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне 2022 жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды

Келесі жаңалық

Алматыдан 575 шақырым қашықтықта жер сілкінді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Алматыдан 575 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 575 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды

Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмыстары аяқталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Сот қаулысын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты

Сот қаулысын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты

20 сентября, 2021
Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалды

11 января, 2022
Абзал Құспан: Тұрсынбек Қабатов жалған құжатпен қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кіргізген

Абзал Құспан: Тұрсынбек Қабатов жалған құжатпен қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кіргізген

16 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.