Xiaomi бюджеттік смартфондарды кейбір флагмандарға қарағанда керемет етіп жасау қабілетімен танымал. 13 Lite моделі де – өз алдына ерекше.
Xiaomi 13 Lite-ты қолыңызға алған кезде ең алдымен байқалатыны — смартфонның салмағы. Ол өте жеңіл. Не бары 171 гр. Осы және сәтті жасалған корпус профилі мен экран диагоналінің (6,55 дюйм) арқасында, құрылғыны қолда ұстау өте ыңғайлы. Дегенмен, эргономика дәстүрлі түрде барлық Lite нұсқаларының мықты жағы болып табылады. Мұнда атының өзі айтып тұр. Алайда, бүгінгі күні ол ең шағын және жеңіл телефондардың бірі. «Күректерді» мүлдем ұнатпайтындардың оны таңдауына – оның осы қасиеті маңызды себеп болады.
Бірақ эргономика Xiaomi 13 Lite-тың жалғыз артықшылығы емес. Телефонға екінші рет қарағаныңызда, оның иілген экранына, артқы қақпағының күңгірт әйнегіне, камераларының айналы аралшығына және т.б. назар аударасыз. Ол тамаша көрінеді.
Смартфонның тағы бір маңызды артықшылығы – экран. Оның панелі 2400 x 1080 пиксель FHD+ ажыратымдылығы бар, диагоналі 6,55 дюйм болатын AMOLED технологиясы бойынша орындалған. Геймерлердің 120 Гц біркелкі жаңарту жиілігі мен жанасу кезіндегі 240 Гц дискреттеу жиілігін бағалайтыны, ал мультимедиа әуесқойларының Dolby Vision және HDR10+ стандарттарының 10 биттік панелінің қолдауынан, сондай-ақ DCI-P3 толық түстер кеңістігінен бас тартпайтыны сөзсіз.
AMOLED экрандарында кейбір пайдаланушылардың жүйкесіне әсер ететін жыпылықтау әсері іс жүзінде кез келген жарықтық деңгейінде көрінбейді. Ендік-импульс модуляциясына (ЕИМ) сезімтал адамдарға ЕИМ-диммері бар, оны баптауларда белсендіруге болады.
Иә, нарықта жоғары сипаттамалары бар экрандар баршылық, бірақ қарапайым көзбен кейбір артықшылықтарды байқау қиынға түседі.
Lite сериялы смартфондарын оның дәстүрлі түрде өз класындағы үздіктердің бірі болып табылатын камерасы үшін жиі сатып алады. Әрине, ол Leica 13 Lite камерасы бар флагмандық Xiaomi 13 Pro-дан асып түсе алмайды, бірақ мұндағы негізгі модуль әлі де лайықты.
Сонымен, Xiaomi 13 Lite-тың үштік артқы камерасы бар: 50 Мп толық джентльмендік жиынтығы бар негізгі камера (IMX766 сенсорының негізінде жеті линзалы оптика), 8 Мп кең бұрышты (ішінде IMX355 бар) және макроға арналған 2 Мп камера (GC02M).
Камераның негізгі модулі күндіз егжей-тегжейлілігі жоғары болатын жақсы анық кадрлар түсіреді. Түнгі түсірілімді де жақсы жасай алады.
Егер сіз селфи әуесқойы болсаңыз, онда Xiaomi 13 Lite – сіз үшін ең жақсы таңдау. Өйткені оның қосарлы селфи камерасы бар. Басты модульдің 32 Мп ажыратымдылығы, F / 2.4 диафрагмасы және 100 градус шолу бұрышы бар. Фронтальды камера үшін матрица айтарлықтай ірі, сондықтан түсірілімдердің сапасы кез-келген жарықта керемет. Фронтальды камераның тағы бір ерекшелігі – Xiaomi Selfie Glow екі жарқыл жүйесі бар, соның арқасында сапалы суреттерді түнгі мезгілде де алуға болады. Ол әртүрлі түсіру жағдайларына автоматты түрде бейімделетін тамаша жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
Кіріктірілген аккумулятордың сыйымдылығы орташа белгіден сәл төмен: 4500 мАсағ. Бұл смартфонның қалыңдығы мен салмағы ескеріліп жасалғаны анық. Эргономиканы айтарлықтай жақсарту үшін 10% автономияны жоғалтудың – жаман айырбасқа жатпайтынын мойындаңыз. Онда күн бойы ойнамасаңыз, смартфон осы күйінде бір күнге еш қиындықсыз жетеді. Бұдан басқа, жылдам зарядталуымен өтеледі – гаджет 40 минуттан аз уақыт ішінде 100%-ға дейін зарядталады.
Жалпы, Xiaomi 13 Lite тамаша әсер қалдырады. Ол флагмандық сипаттамаларды немесе керемет камераны онша қажет етпейтін, бірақ жақсы, ыңғайлы және сенімді гаджетті қажет ететін адамдарға өте қолайлы.
















Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз