Орал әуежайы уақытша жабылады

Орал әуежайы уақытша жабылады

Мәншүк Мәметова атынадағы Орал халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты үш күнге үшуларды тоқтатады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Air Astana әуекомпаниясы әуеайлақтың жабылуына байланысты кестеге өзгертулер енгізді.

— Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежай жермен жүру жолын 8-10 қазан аралығында жөндеуге байланысты жабылады. Сондықтан осы кезеңде әуекомпания Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерді тоқтатуға мәжбүр, — делінген әуекомпания хабарламасында.

Жолаушылар алдағы 14 күнге Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерге билеттерді қайта брондай алады немесе құнын толық қайтара алады. Қосымша ақпарат алу үшін билеттерді сатып алу орны бойынша хабарласуға болады.