Тоқаев Пәкістанның премьер-министрін құттықтады

Тоқаев Пәкістанның премьер-министрін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді.

Жеделхатта Пәкістан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде зор жетістікке жеткені атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.