Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза болды
Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қаза болды, — деп хабарлайды Qazaqpress polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.
Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертті.