Шымкент қаласы әкімдігінің алдындағы фонтанға 10 жасар бала батып кетті

Шымкент қаласы әкімдігінің алдындағы фонтанға 10 жасар бала батып кетті

Шымкент қаласы әкімдігінің алдындағы фонтанға 10 жасар бала батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«24 шілде күні сағат 19:14-те Қаратау аудандық ІІБ-нің 102 пультіне қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы субұрқақта бір баланың қаза тапқаны туралы хабарлама түсті», — делінген хабарламада.

Полицейлер 10 жасар жасөспірімнің абайсызда суға шомылу кезінде суға батып кеткенін анықтады. Тексеру кезінде баланың денесінде көзге көрінетін жарақаттар табылмады.

«Полиция кәмелетке толмаған баланың өлімі фактісін ЕРДР-да тіркеді.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.