Талдықорғанда көлік көпірден өзенге құлады, деп хабарлайды Qazaqpress Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі Назарбаев даңғылымен жүрді. Ол жылдамдықты асырып, рульді басқара алмай, көпірдің қоршауына соғылып, Қаратал өзеніне құлаған», — делінген хабарламада.
Оқиға 23 шілде күні түнде болған. Жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Осыдан кейін ол амбулаторлық емдеуге жіберілді.
Полиция жол апатына қатысты тергеуді бастады.