Оралда 13 жасар қызды зорлады деген бесінші күдікті ұсталды

Байланысты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Оралда 13 жасар қызды зорлады деген бесінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Оралда 13 жасар қызды зорлады деген бесінші күдікті ұсталды. Қылмыс 12 маусым күні түнгі сағат 1.00 шамасында болған. 16 және 15 жастағы кәмелетке толмаған төрт жасөспірім жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды зорлады», — деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті – кәмелетке толған ер адам, ол қылмыс болған пәтерді жалға алған болуы мүмкін. Ол да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Тергеушілердің айтуынша, қызды алдап пәтерге кіргізген. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сурет көзі: pixabay.com

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар