Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Дәулет Тұрлыханов ұлының айналасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

admin by admin
5 июля, 2023
Дәулет Тұрлыханов ұлының айналасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Дәулет Тұрлыханов ұлының әскери бөлімнен қашып кетуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqpress.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

— Құрметті Қазақстандықтар! Соңғы кезде менің ұлыма қатысты ақпарат кеңістігінде тарап жатқан хабарларға байланысты өздеріңізге үндеуімді жариялап отырмын. Соңғы бес айда әлеуметтік желілерде ұлыма қатысты жағдайға байланысты өте көп ақпарат шығып жатыр. Ия, бұл жағдайдың болғаны рас, алайда оны қоғамдық ортаға қайта-қайта сала берудің жөні жоқ деп есептеймін. Жағдай орын алғанда, мен өз пікірімді ашық айтқанмын. Барлық жағдай заң жүзінде шешілуі керек дегенмін.

Қазіргі кезде қоғамдық ортада менің ұлымның бір қателігінен басқа, қаншама айтылатын өзекті мәселелер бар емес пе?! Осы орайда, ұлыма байланысты жағдайдың қоғамда үлкен ақпаратқа айналғаны түсініксіз. Жарайды, ақпараттар шығып жатыр, осы арқылы хайп жинап, қоғамда рейтингін өсіремін дегендер өз мақсатына жеткен шығар. Енді менің ойымша бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс, — дейді Дәулет Тұрлыханов.

Ол осы ақпараттар ұлына үлкен психологиялық ауыртпалық түсіріп жүргенін сезетінін айтады.

— Ол әлі жап-жас жігіт. Оның жасағаны дизертирлік емес, былайша айтқанда, балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткені. Мен ұлымның Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан етемін. Ол жастықтың жалынымен қателік жасағаны түсінікті. Ғашық болып жүрген бала, сүйген қызы келген екен, соған шығып кеткен. Бұл енді жастық сезім, махаббат сезімі. Әрине, мен оны ақтамаймын. Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?! Осы жағдайға байланысты ақпараттардан хабардар болып отырған баламның қазіргі психологиялық жағдайы мені қатты алаңдатады. Құдай сақтасын, осы жағдай баламның тағдырын тәлкекке салып, қандай да бір оқыс әрекетке баруына себеп болса, мен де өз тарапымнан қарап қалмаймын, қолданыстағы заң шеңберінде әрекет етемін.

Мен өмірімнің басым бөлігін үлкен спортқа арнаған адаммын. Он жыл СССР құрамасында күрестім, Тәуелсіз Қазақстанның туын тұңғыш рет Олимпиада ойындарында көтеріп шықтым. Өзім спортты қойғаннан кейін, бапкер ретінде Азия, Азия ойындары, Әлем және Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығардым. Мен қазақтың ұлы болғаныма мақтанамын! Қазақ үшін төгілген қара терім мен өлшеусіз еңбегімді халқым бағалаған, әлі де бағалап, құрметтеп келеді.

Бүгінгі күндегі абыройым — орасан еңбектің арқасында келген. Ал менің ұлыммен болған бір ғана жағдай – халық алдындағы абыройымды түсіре алмайды. Қоғамды дүрліктіріп, ақпарат таратып жүргендер осыны түсінсе екен деймін.

Құрметті достар! Тағы да қайталап айтқым келеді, ұлыма қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бәрі заң шеңберінде шешілетін болады. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын, — деді Тұрлыханов.

Айта кетейік, бұған дейін заңгер Анна Чернова Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлаған болатын.

— Біздің ісіміз бойынша: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен, онда оған бұлтартпау шарасы таңдалған, ол бөлім бастығының бақылауында болған.

Оны кешеден бері таба алмай жатыр. BMW-мен кеткен. Оны көргендер болса, ол тергеуде екенін айта салыңыздаршы, — дейді заңгер.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Келесі жаңалық

Астанада Абай, Кенесары, Абай және Уәлиханов көшелері жөндеуге жабылады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Астанада Абай, Кенесары, Абай және Уәлиханов көшелері жөндеуге жабылады

Астанада Абай, Кенесары, Абай және Уәлиханов көшелері жөндеуге жабылады

Оралда 13 жасар қызды зорлады деген бесінші күдікті ұсталды

Оралда 13 жасар қызды зорлады деген бесінші күдікті ұсталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Marital life Advice Designed for Wife — How to Save Your Marriage

19 июня, 2022
Семейдегі әлімжеттік: бала мемлекеттің қамқорлығына алынды, кінәлілер қатаң жазаға тартылды

Семейдегі әлімжеттік: бала мемлекеттің қамқорлығына алынды, кінәлілер қатаң жазаға тартылды

2 апреля, 2025
Алматы «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстанда өткен тәулікте 545 адам коронавирус жұқтырған

7 декабря, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.