Елдар Толғанбаев ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды

Байланысты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Елдар Толғанбаев ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Эльдар Сейдахметұлы Толғанбаев Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген бейсенбіде тараған хабарламада.

Толғанбаев 2022 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды, оған дейін 2020-2022 жылдары «Алматы» телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, одан бұрын, 2019-2020 жж. «Алматы қаласы Даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды».

Фото дереккөзі: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі.

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар