Алматы қаласы мен Алматы облысында бірден жеті полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Байланысты

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматы қаласы мен Алматы облысында бірден жеті полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысының жеті патрульдік полиция қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін полиция қызметкерлері заңсыз ақшалай сыйақы алды. Сонымен қатар, инспекторлар жол бойында іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған», — делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Сурет көзі: ©Мәдина Әлімханова.

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар