Бақытбек Сыдықов Қорғаныс вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды», — делінген бейсенбіде тараған хабарламада.
Сыдықов 2022 жылдың сәуірінде Қазақстан Қарулы Күштерінің Қару-жарақ басқармасының бастығы болып тағайындалғаны белгілі.
Фото дереккөзі: 2gis.kz
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз