Астанада бірнеше көше жөндеуге жабылған

Астанада бірнеше көше жөндеуге жабылған

Астанада Мәскеу және Уәлиханов көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

— Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәскеу және Уәлиханов көшелерінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

24-26 маусым аралығында жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне байланысты Н.Тілендиев даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойынша көлік қозғалысы толығымен жабылады.