Дүйсенбіде Астана, Алматы және Шымкентте найзағай ойнауы мүмкін

Дүйсенбіде Астана, Алматы және Шымкентте найзағай ойнауы мүмкін

Дүйсенбі күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада найзағай ойнайды, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз +21+23, түнде +11+13.

Алматыда бұлтты, найзағай ойнауы мүмкін, жел 3-8, найзағайдың екпіні 13 м/с. Күндіз +28-30, түнде +17+19.

Шымкентте де найзағай ойнауы мүмкін, жел 8-13, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз +31+33, түнде +15+17.

Фото дереккөзі: ҚазТАГ/©Әмір Қасенов