Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ақтөбеде Makerspace шығармашылық кеңістігі ашылды

admin by admin
26 июня, 2023
Ақтөбеде Makerspace шығармашылық кеңістігі ашылды

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі және «Шеврон» компаниясы C.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп Ақтөбе қаласының американдық бұрышында MakerSpace жаңа шығармашылық кеңістігін ресми түрде ашты.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниэл Розенблюм, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов және «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс Ақтөбе қаласының американдық бұрышында жаңа Makerspace ашылу салтанатына қатысты.

— Шығармашылық салалардың болашағы зор, бұған күмән жоқ. Сондықтан біз осындай орталықтардың ашылуын қолдаймыз. IT технологиялары біздің табалдырығымыздан әлдеқашан өтіп кеткен және біздің балаларымыз барлық жаңа технологияларға, барлық заманауи әзірлемелерге қосылуы керек. Шығармашылық орталық балалар мен жастарды тарту мақсатында ашылған, өйткені бұл кәсіптік бағдар, жұмысқа орналасу мүмкіндігі, ал олардың әрқашан таңдауы болуы тиіс. Біз жас отандастарымыздың шығармашылығын қолдауға бағытталған жобаны іске асыруға қатысқандардың барлығына ризамыз, — деп атап өтті өз сөзінде Ералы Тоғжанов.

Makerspace тұжырымдамасы 2005 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында пайда болған. Makerspace — бұл адамдардың өзара шығармашылық, ізденіс және идеялармен бөлісуіне арналған бірлескен кеңістік. Мейкерспейстер ғылым, технология, инженерия, өнер және математика (STEAM) қиылысында дағдыларды дамытуға және білім беруге ықпал етеді.

«Мейкерспейстер Қазақстандағы STEAM саласында білім беруді қолдауда маңызды рөл атқарады, олар арқылы біз жастардың болашағына инвестиция жасаймыз. Осылайша бұл жастар ғылым, технология және кәсіпкерлік саласындағы көшбасшы ретінде Қазақстанның дамуының тірегіне айналады», — деді елші Розенблюм ашылу салтанатында.

Makerspace Aktobe — бұл заманауи шығармашылық зертхана, онда аудитория робототехника, электроника, ғылыми эксперименттер сабақтары және т.б. өз идеяларын жүзеге асыру үшін 3D басып шығарумен және басқа жабдықтармен жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.

«Шеврон» компаниясы үшін біздің инвестицияларымызды тек мұнай-газ саласымен шектемейтініміз өте маңызды. Серіктестерімізбен — мемлекеттік мекемелермен, коммерциялық емес ұйымдармен, мектептермен және университеттермен бірге — біздің мақсатымыз-адамдарға инвестиция салу арқылы адами капиталды үнемі нығайту. Адамдар — бізде бар ең құнды ресурс. 1994 жылдан бастап Шеврон 30-дан астам қоғамдық ұйымдармен 400-ден астам жобаны бастай отырып, әлеуметтік инвестицияларға шамамен 500 миллион доллар инвестициялады. Біз қалалық және ауылдық мектептердегі мыңдаған балаларды, мұғалімдер мен жаттықтырушыларды қамтитын даму бағдарламаларын қолдаймыз», — деді «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс.

Мұнда балалар робототехникамен, инженерлік және дизайн ісімен, компьютерлік графикамен, 3D-модельдеумен айналысатын болады. Сондай-ақ компьютерлік кодтау, шеберлік, дәнекерлеу, робототехника, қалдықтарды қайта өңдеу, дизайн, ғылыми эксперименттер және басқа да тақырыптар бойынша семинарлар мен тренингтер, шеберлік сыныптары өтеді. Барлық іс-шаралар мен семинарлар қолжетімді және тегін болады. MakerSpace бүкіл аймақтағы жас өнертапқыштар үшін тартымды орын болады деп күтілуде.

Ақтөбедегі Makerspace «Шеврон» компаниясының қолдауымен Қазақстанда АҚШ Елшілігі ашқан есеп бойынша алтыншы кеңістік — бұрын ашылған басқа да кеңістіктер Алматы, Астана, Өскемен, Павлодар және Орал қалаларында орналасқан. 2020 жылы АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі мен «Шеврон» компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның шеңберінде Қазақстанның қалаларында жабдықталған мейкерспейстер ашу жоспарлануда. Серіктестер 21 ғасырда қазақстандық жастар арасында табысқа жету үшін қажетті дағдылар мен білімді дамыту бойынша бірыңғай міндеттерді бөліседі.

Ақтөбедегі Мейкерспейстің мекен-жайы: C. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, 11 шағын ауданы, 112Е, «D» телімі

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Instagram: @american_corner_aktobe

Фотоматериалдар

Анықтама үшін:

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай-газ саласындағы біздің дәстүрлі бизнес бағытымызды дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және жаңартылатын отын түрлері, сутек, көміртекті ұстап қалу, офсеттер мен басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты төмен көміртекті бизнес бағыттарын дамыту. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Батыс Қазақстан облысындағы банктің облыстық филиалынан 120 миллион теңгеге жуық ақша ұрланған

Келесі жаңалық

Рыбакина Истборндағы WTA-500 шөп турнирінен бас тартты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Рыбакина Истборндағы WTA-500 шөп турнирінен бас тартты

Рыбакина Истборндағы WTA-500 шөп турнирінен бас тартты

Астананың шетінде бір апта бұрын басталған ірі өрт сөндірілді

Астананың шетінде бір апта бұрын басталған ірі өрт сөндірілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанның көшбасшы өңірлерінің қатарына енді

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанның көшбасшы өңірлерінің қатарына енді

19 июня, 2026
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1260 адам жұқтырған

Қарағанды облысында карантин жеңілдейді

6 февраля, 2021
Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды

Жетісу облысында «BIKEN FEST» IV Халықаралық театр фестивалі басталды

25 мая, 2026

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.