Ақтөбеде жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
«13 маусым күні сағат 18.55-те «112» құтқару қызметіне 15 жасар жасөспірімнің Елек өзеніне батып кеткені туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар 2006 жылы туған жасөспірімнің денесін судан жағадан 50 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен алып шықты», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жастағы жасөспірім суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
Сурет көзі: ©Мәдина Әлімханова.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз