Жетісу облысындағы Текелі қаласында бойжеткен трансформаторға шығып кетіп, оны ток соқты, деп хабарлайды Qazaqpress полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл дерек қалалық полицияның ақпараттық кітабында ресми тіркелгенін хабарлаймыз. Жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстық департаментіне жолданды», – деп мәлім етті полиция департаменті.
Жетісу облысының ДП мәліметінше, жәбірленуші 2014 жылы туған. Қыз ауруханада жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, балалар жасырынбақ ойнаған. Бала трансформаторға шығып, ток соққан.
Фото дереккөзі: @ilovetekeli
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз