«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Бейбіт Шаханов Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Шаханов Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2015-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитетінде, Инвестициялар және даму министрлігінде, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жұмыс істеген.