Солтүстік Қазақстан облысында 44,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Солтүстік Қазақстан облысында 44,3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qazaqpress Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.

Байланысты

«2023 жылға Жер ресурстарын басқару комитеті облысқа 330 мың гектар аумақтағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару туралы тапсырма берді. Ағымдағы күнге 44,3 мың гектар қайтарылды.Жақын арада жалға беру шарттарының тоқтатылуының арқасында тағы 17,4 мың гектар жерді қайтару жоспарлануда», — деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрам Меңдібаев.

Басылым 2022 жылы пайдаланылмай жатқан 304 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылғанын еске салады.

Оның 40 мыңы жайылым тапшылығын азайту мақсатында ауылдық елді мекендерге ауыстырылды, 40-ы жер пайдаланушыларға жалға берілді, 223-і әлі күнге дейін босалқы жерде.

Ведомствоның мәліметінше, сотқа жалпы алаңы 27,5 мың гектарға 121 талап арыз түсіп, 15,5 мыңы қайтарылған. Ал сот-талап қою жұмыстары жалғасуда, 7300 гектарға тағы 50 талап қою жоспарлануда. Солтүстік Қазақстан облысының жалпы жер көлемі 9,8 млн га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7,2 млн.

Байланысты жаңалықтар

Келесі жаңалық

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар