Астанада қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

Астанада қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Иә, сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпараттар жария етілмейді», — деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов тілші сауалына орай.

Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов бастапқы мән-жай анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін айтты.