Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Дала сыры, тау жыры». Балаларға арналған саяхат кітабы

admin by admin
16 мая, 2023
«Дала сыры, тау жыры». Балаларға арналған саяхат кітабы

2022 жылғы 15 мамырда Астана қаласындағы Қуыршақ театрында елордалық руханият өкілдері мен кішкентай балдырғандарға «Дала сыры, тау жыры» атты бастауыш сынып оқушыларына арналған көркем суретті жаңа кітап таныстырылды.

Байланысты

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

Étage дизайн студиясы дайындап, «Шеврон» компаниясының қолдауымен жарыққа шыққан бұл кітап несімен ерекшеленеді?

Біріншіден, кітап қазақ және орыс тіліндегі екі нұсқада жарық көріп отыр. Орыс тіліндегі нұсқасы «Тайны Страны Гор и Степей» деп аталады.

Екіншіден,  кітап балаларға Қазақстанның алуан айшықты табиғат байлығын, оның қайталанбас сұлулығы мен нәзіктігін, жергілікті мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыруды мақсат еткен. Сол себепті еліміздің балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үлгерген жас жазушылардың қызықты хикаяттарға толы әңгімелері мен заманауи ертегілері бір жинақта ұсынылған. Әрбір шығарманың сюжеті балаларды өзіне елітіп, атамекеніміздің әртарапына саяхат жасауға, туған жердің сыры мен жырын, тылсым құпиясы мен тарихын тануға, білуге жетелейді. Осы тұрғыдан алғанда, кітап өз мақсатына жеткен деуге болады. Себебі сатылымға түскен кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасының басым бөлігі әлден-ақ сатылып кетті. Бұл – жаңа кітаптың үшінші ерекшелігі.

Қуыршақ театрында өткен таныстырылымға Толымбек Әбдірайым, Зәуре Төрехан,  Серікбол Хасан сынды балалар жазушылары мен ақындары, Дархан Мыңбай, Айгүл Мүкей және басқа да қоғам қайраткерлері мен медиа-тұлғалар, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ осы жоба мен кітап авторлары, «Шеврон» компаниясының өкілдері қатысып,  балалар әдебиеті төңірегінде пікірлесті. Авторлар жоба тарихы мен оны жүзеге асыру барысы туралы айтып, әріптестерінің сауалдарына жауап берді.

«Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Корпоративтік байланыстар жөніндегі директоры, Еркін Зікібаевтің айтуынша, «Шеврон» 1993 жылы Қазақстанмен әріптестік орнатқан алғашқы халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі болып келді. «Біздің инвестицияларымыз мұнай-газ өндірісімен ғана шектелмейді. «Шеврон» компаниясының  әлеуметтік инвестициялары қазақстандықтардың сапалы білім алу, денсаулық сақтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, жастарға кәсіпкерлік пен инновация үшін жағдай жасайды. Бүгін серіктестерімізбен бірге мақтанышпен ұсынып отырған кітабымыз жас қазақстандықтардың оқуға құштарлығын арттырып, сонымен қатар қоршаған әлемге қызығушылық танытып, ізденімпаз болып өсуіне жағымды ықпалын тигізеді, және бұл мемлекет болашағы үшін өте маңызды», – деп қорытындылады Еркін Зікібаев.

Іс-шараның екінші бөлігі кішкентай оқырмандардың қатысуымен жалғасты. Оның барысында кітап авторларының бірі Нұрайна Сәтпаева балдырғандарға өз хикаятын оқып берсе, Қуыршақ театрының әртістері кітапқа кірген шығарма негізінде дайындаған шағын қойылымын көрсетті.  Ал ұйымдастырушылар театрға келген барлық балаға басылымның бір-бір данасын тарту етті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бір айта кетерлігі, жаңа кітаптың сатылымнан тыс бөлігі көпшілікке қолжетімді болуы үшін еліміздің ірі кітапханаларына, галереялары мен мәдени орталықтарына тегін таратылған.

 «Шеврон» туралы

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біздің мақсатымыз мұнай-газ саласындағы біздің дәстүрлі бизнес бағытымызды дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және жаңартылатын отын түрлері, сутек, көміртекті ұстап қалу, офсеттер мен басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты төмен көміртекті бизнес бағыттарын дамыту. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

Étage туралы

Étage дизайн студиясы графикалық дизайн, веб-дизайн, сценография, фото и бейне жобалар өндірісі саласында қызмететр ұсынады. Команданың портфолиосындағы жұмыстар   FIFA, LVMH, Richemont group, UNFPA, Christie’s, Capital Partners сынды компаниялармен ынтымақтастықты қамтиды.
Étage – TDC халықаралық сыйлығының лауреаты. Type Directors Club —әлемнің типографика және графикалық дизайнмен жанасатын салалардағы кәсіпқойларының жаһандық ұйымы.  TDC -тың жыл сайынғы «World’s Best Typography» іс-шарасында Étage өнімі «Typographic Excellence» сертификатымен марапатталған. Étage бейне-жобалары халықаралық плафтформаларда ұсынылған: Nowness Asia-да жарияланған және Berlin Commercial Festival-дің шорт-парағына енген.

 

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды

Келесі жаңалық

Астанада қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды
Категориясыз

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Астанада қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

Астанада қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы ұсталды

Шымкентте соңғы бір айда 30 жол апаты тіркелді

Шымкентте соңғы бір айда 30 жол апаты тіркелді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Air Astana» әуежай компаниясы MyMAIL «Есіктен есікке» атты пошта жеткізу қызметін іске қосты

«Air Astana» әуежай компаниясы MyMAIL «Есіктен есікке» атты пошта жеткізу қызметін іске қосты

20 сентября, 2022
Тоқаев Бразилия халқын құттықтады

Тоқаев Бразилия халқын құттықтады

7 сентября, 2023
“Digital Almaty-2024”: Х индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы

“Digital Almaty-2024”: Х индустриясы – Болашақтың цифрлық эволюциясы

10 января, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.