«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов ұсталды
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Антикордан мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз», — деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.
Еске салсақ, Абылай Мырзаметов 2016 жылы 16 маусымда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы болып қайта сайланған еді.