Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматылық дәрігерлер тұңғыш рет бірегей ота жасап, әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалды

admin by admin
25 апреля, 2023
Алматылық дәрігерлер тұңғыш рет бірегей ота жасап, әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалды
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жоғары технологиялы операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

№2 Қалалық перинаталды орталыққа баланың жолдасы жатыр қабырғасына жабыса біткен жүкті әйел түсті. Сирек кездесетін қалыптан тыс жағдайды жүктілікті бақылаған емхана дәрігерлері анықтаған.

Хабарламаға сүйенсек, пациент бұған дейін 2013 жылы босанған. Ал, 2017 жылы екінші баласын кесарь тілігімен босаныпты. Клиника дәрігерлері ана мен бала өмірін сақтап қалу үшін кешенді клиникалық-зерттеу жүргізіп, емнің ең тиімді деген әдісін таңдап алды. Себебі жатырға қағанақтың жабыса бітуі және бұрынғы отадан қалған тыртық салдарынан кәдімгі кесарь тілігін жасау қауіпті еді. Көп жағдайда операция кезінде қан кетіп, әйелдің жатырын алып тастауға тура келетін, дейді мамандар.

Консилиум нәтижесінде дәрігерлер әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалуға күш салмаққа бел буды.

«Жатырдың түбіне кесарь тілігі арқылы метропластика деп аталатын ота жасап, О`Leary әдісі бойынша жатырдағы қан тамырларын байлау туралы шешім қабылданды. Содан соң компрессионды тігіс әдісі қолданылды. Бұрын Мәскеулік дәрігерлер қолданып жүрген әдіс тұңғыш рет Алматыда да жасалды», — дейді бас дәрігердің орынбасары Қымбат Әбрайымова.

Жоғары технологиялы операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Нәтижесінде салмағы 2730 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.

Бір айта кетерлігі, әдетте баланың жолдасы әйел босанғаннан кейін өздігінен түседі. Ал қағанақ жатырға жабыса біткен жағдайда қолданылатын механикалық тәсіл салдарынан қан кетеді. Осының алдын алу мақсатында жатырдағы қан тамырлары байланды. Нәтижесінде мамандар жатырдың қағанақ біткен жерін алып тастап, аналық органды қалпына келтіру мақсатында астыңғы бөлігіне пластика жасады.

«Ота сәтті өтті. Әйелдің жатырын сақтап қалдық. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы. Олар тәулік бойы мамандардың бақылауына алынды», — дейді Қымбат Әбрайымова.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Әскер Бейсенов қорғаныс министрінің орынбасары болды

Келесі жаңалық

Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Алматы ҰҚКД бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Алматыда үздік фельдшер, мейіргер, акушерді таңдап жатыр

Алматыда үздік фельдшер, мейіргер, акушерді таңдап жатыр

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда күн қайта суытады

Қазақстанда күн қайта суытады

29 апреля, 2022
Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

23 августа, 2023
Алматы Дженнифер Лопес концертін қарсы алуға толық дайын

Алматы Дженнифер Лопес концертін қарсы алуға толық дайын

7 августа, 2025

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.