Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайы 111 млн теңгені мемлекет есебіне аударды

admin by admin
25 апреля, 2023
Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Елордада Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның орынбасарларына қатысты сот талқылауы жалғасуда, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байланысты

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қасақана қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деп айыпталуда. Яғни қылмыс ұйымдастырды, бөгденің мүлкін жымқырып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшерде қаржы жымқырды деген күдік тағылды.

«Қазір қаралып жатқан қылмыстық істі қозғауға 2020 жылғы наурызда ҚР Ұлттық музейінің «Әлем музейлеріне Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесін Үндістанда өткізу және ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде бөтеннің мүлкін ұрлау түрінде жасалған қылмыстар туралы Т. Жаманқұловтың атынан жазбаша өтініш себеп болды. Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаменті Т. Жаманқұловтың өтініші негізінде ҚР Ұлттық музейінде аудиторлық тексеру жүргізуге бастамашы болды. Оны Астана қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы А. Кәукетаевтың тапсырмасымен аудитор Г. Нұркеева «Позитив» жеке кәсіпкерлік директоры М. Мишин мен елордалық сот сараптамалары институтының сарапшысы К. Әбдімомынованың қатысуымен және Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментімен бірге жүргізген», — деді адвокат Мұстахым Төлеев.

Аудиторлық тексеру 2022 жылғы 22 сәуірден 6 мамырға дейін жүргізілген, онда ҚР Ұлттық музейі (директордың орынбасары А. Нұразхан) мен «Эскпонат» ЖШС (директоры А. Жақыпов) арасында жалпы сомасы 1 268 793 000 теңгеге әлемнің 5 елінде «Алтын адамның әлем музейлері бойынша шеруі» көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді тікелей ұсыну арқылы бір көзден алу тәсілімен бекітілген келісімнің ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарының талаптарына сәйкестігі тексерілді.

2020 жылы 20 қаңтардағы № 4 шарттың 2.2 тармағына сәйкес, Ұлттық музей тапсырыс беруші ретінде «Экспонат» ЖШС жұмыстары мен қызметтерін жеткізушіге 2020 жылдың 28 қаңтарында № 18 төлем тапсырмасы бойынша 380 637 900 теңге мөлшерінде 30% аванстық төлем жасаған.

Сондай-ақ аудит 2020 жылғы 20 қарашадағы орындалған жұмыстар актісіне жүргізілді. Ондағы орындалған жұмыстар мен қызметтердің жалпы сомасы 350 115 000 теңге, оның ішінде директордың орынбасары қол қойған ҚҚС 37 млн 512 мың 30 теңге көлемінде, оған музей директорының орынбасары А. Мырзағалиев пен «Экспонат» ЖШС жеткізушісі А. Жақыпов қол қойған.

«Аудиторлық тексеру белгілегендей, шығыстардың жалпы сомасы смета бойынша жоспарланған шығыстардан – 350 млн 115, 1 мың теңгеден аспады. Көрмеде қолданылған 35 витрина ҚР Ұлттық музейінің балансына қабылданды және олардың мақсатты пайдаланылуы үшін музей қорында сақталады», — деді адвокат.

Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаменті анықтау органының өкілі А. Төлендиев 2022 жылғы 22 сәуірдегі Астана қаласы бойынша тағайындалған және жүргізіліп жатқан ішкі аудитпен қатар, 2022 жылғы 28 сәуірде астаналық сот сараптамалары институтына хат жолдап, тауардың сәйкестігін анықтау тұрғысынан, яғни 35 көрме витриналарының техникалық ерекшелігі мен 2020 жылдың 20 ақпанындағы №4 шарт бойынша құнына тауартану зерттеулерін жүргізуді сұраған.

Осыған байланысты астаналық сот сараптамалары институтының сарапшысы К. Әбдімомынова мүдделі тұлға болса да, анықтау органынан аудит жүргізуге де қатысып, сот сараптамалары институтында 35 витрина бойынша тауарлық сараптамалық зерттеу де жүргізген. Нәтижесінде аудитор Г. Нұркеева өз есебінде тапсырыс беруші бекіткен сметада 44 млн 611 мың теңгені құрайтын, қаржылық есепке сәйкес 42 млн 475 мың 800 теңге болған 17 дана ЛДСП корпусы бар витринаның болжамды құнын 6 млн 584 мың 500 теңге мөлшерінде көрсеткен.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Осылайша, сарапшы-маман К. Әбдімомынованың қорытындысы бойынша, 17 дана мобильді витриналардың құны мен қаржылық есепте көрсетілген шығыстар арасындағы айырмашылық 35 млн 891 мың 3 теңгені құрады.

«Музей витриналарының құнын анықтау үшін сарапшы-маман К. Әбдімомынова (бұл тауар ҚР нарығында сериялық өндіріс тауары еместігін, сондықтан оның орташа нарықтық құнын анықтау мүлдем мүмкін еместігін түсініп), 18 дана»TIANJIN WANGDA«музей витриналарының кедендік декларациясын негізге алған және олардың құнын 24 млн 678 мың 700 теңге етіп көрсеткен. Әйтсе де, шығыстар сметасына, техникалық ерекшелікке және қаржылық есепке сәйкес, олардың құны 132 млн 636 мың теңге мөлшерінде көрсетілген. Осылайша, 2022 жылғы 4 мамырдағы № 68-П қорытындысына сәйкес, 18 дана музей витриналарының құны мен жұмыстар мен қызметтерді жеткізушінің қаржылық есебінде көрсетілген шығыстар арасындағы айырмашылық – 107 млн 958 мың теңгені құрады», — дейді М. Төлеев.

Сонымен бірге, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаменті анықтау органының өкілі А. Төлендиев»Мемлекеттік сатып алу туралы«шарт бойынша көрме витриналары құнының ауытқуын анықтау үшін 2022 жылы 4 мамырда»Аудит-Даму«ЖШС аудиторлық фирмасымен шарт жасасқан.

»Даму«ЖШС аудиторы А. Маутқанов нақты қорытындылар бойынша өз есебінде К. Әбдімомынованың 04.05.2022 жылғы қорытындысын қайталап, 2020 жылғы 20 қарашадағы №2 атқарылған жұмыс актісі бойынша тапсырыс берушіге жеткізілген 35 дана көрме витриналары құнының айырма сомасын 178 112 563.00 теңге деп белгіледі және К. Әбдімомынова 2022 жылғы 4 мамырда № 68-П қорытындысында жазған 31 млн 263 мың 201 теңге 55 тиын 146 млн 849 мың 361 теңге 45 тиынды құрады.

»Даму«ЖШС 2022 жылғы 20 маусымдағы кезекті есебінде»Экспонат«ЖШС-нің іс жүзінде орындамалмаған операциялары, оның ішінде жалған қызмет көрсету және тапсырыс берушіге жіберілген тауарлар бойынша шығыстарының сомасы 221 млн 411 мың 730 теңге екені көрсетілген.

«Жоғарыда көрсетілген қарама-қайшы жағдайға сүйене отырып, тергеу органы тығырыққа тіреліп, ҚІЖК 112-бабы 1-тармағының 1-тармақшасының және 2-бөлігінің нормаларында тыйым салынған алдау мен жаңылыстырудың заңсыз әдістеріне жүгінді және құн айырмашылығы бойынша А. Мұхамедиұлының қатысқаны туралы кем дегенде жанама дәлелдер алу мақсатында ергеуші А. Тәжібаев А. Мұхамедиұлының жұбайы Г.Н. Ысқақованы Астана қаласы Есіл ауданының ІІБ есеп айырысу шотына 111 млн 271 мың 300 теңге салуға үгіттеген. Мұны тергеу барысында қамауға алынған А. Мұхамедиұлының келтірілген материалдық залалды өтеу үшін өз еркімен бергендей етіп көрсеткісі келген. Кейіннен Г. Ысқақова көрсетілген ақша сомасын Астана қаласының»Есіл«ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына аударып, алданғанын түсініп, Мемлекеттік кірістер комитетіне 111 млн 271 мың 300 теңгені қайтару туралы өтінішпен жүгінген», — дейді адвокат.

Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Г. Ысқақова күдікті А. Мұхамедиұлының мемлекетке келтірген материалдық залалын өтеу үшін 111 271 300 теңгені ерікті түрде аударған. Енді Г.Ысқақова бұл қаражатты қайтаруды сұрап отырғанымен, агенттік оны қайтаруға негіз жоқ екені айтып отыр.

«Айтылғандарды ескере отырып, соттан Г. Ысқақоваға жеке тиесілі 111 млн 271 мың 300 теңгенің тағдырын шешуді сұраймын. Тергеу органы оларды алдау және процеске қатысушыларды адастыру арқылы иемденуіне байланысты, оларды неке кезеңінде пайда тапқан ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі деп танып, А. Мұхамедиұлының үлесін айқындап немесе толық көлемде қайтару туралы қаулы шығаруды сұраймын. Өйткені бұл сома туралы айыптау актісінің мәтінінде олардың шығу тегі мен мақсаты туралы бірде-бір сөз және қорытынды айтылмаған», — деді қорғаушы.

Келесі сот отырысы 25 сәуірге таңғы сағат 9:30-ға белгіленді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бір тәулікте 25 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Келесі жаңалық

Әскер Бейсенов қорғаныс министрінің орынбасары болды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
Категориясыз

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

16 марта, 2026
Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды

16 марта, 2026
Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады
Категориясыз

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

16 марта, 2026
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Категориясыз

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

16 марта, 2026
«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады
Категориясыз

«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады

16 марта, 2026
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
Категориясыз

«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты

15 марта, 2026
Келесі жаңалық
Әскер Бейсенов қорғаныс министрінің орынбасары болды

Әскер Бейсенов қорғаныс министрінің орынбасары болды

Алматылық дәрігерлер тұңғыш рет бірегей ота жасап, әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалды

Алматылық дәрігерлер тұңғыш рет бірегей ота жасап, әйелдің репродуктивтік органдарын сақтап қалды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан газдың жартысын сатып жүр, ал халықтың 42% газсыз өмір сүріп жүр.

Қазақстан газдың жартысын сатып жүр, ал халықтың 42% газсыз өмір сүріп жүр.

16 августа, 2022
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Кейінгі тәулікте 753 адамнан коронавирус анықталды

24 февраля, 2021
Елімізде ақылы жолдар көбейеді

Елімізде ақылы жолдар көбейеді

29 ноября, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
  • Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
  • Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.