Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген Жарлықта.

Еске салсақ, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.