Алматыдан 286 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 286 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 286 шақырым қашықтықта жер сілкіндідеп хабарлайды Qazaqpress.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуір күні сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеді.

Ведомствоның мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

— Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.

MPV магнитудасы — 4,3.

Эпицентр координаттары — 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай.

Тереңдігі — 5 км.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ», — деп жазды Алматы қаласы ХҚО-ның кезекші операторы.