Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

admin by admin
21 марта, 2023
Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байланысты

Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

— Наурыз — жыл басы, халқымыз ежелден тойлаған көктем мерекесі. Бұл — халық асыға күтетін аса ерекше мейрам, қыстың ызғары қайтатын, көктем шуағын төгетін сәт. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жаңаратын мезгіл.

Еліміз Әз-Наурызды әрдайым ырысты ынтымақтың бастауына балаған. Алыстаған ағайын Ұлыс күні татуласып, қайта қауышқан. Жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтқан. Көпшілік ортақ дастарханнан дәм татып, қариялар жастарға батасын берген.

Бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Елге пайдасы тиетін игі істер атқарған. Бір сөзбен айтсақ, Ұлыстың ұлы күні — жаңа өмірдің жаршысы, — деді ол.

— Бұл мейрамды халқымыз тұтас ел болып, бір ұлт болып түгел тойлайды. Яғни, Әз-Наурыз — нағыз халықтық мейрам. Бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттің бәрі осы Ұлық мерекеде көрініс тапқан. Біз — ата жолын жалғаған жұртпыз, — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Наурыз кезінде бүкіл елге ортақ құндылықтар дәріптелетінін айтты.

— Бірлік түбі — береке» дейді халқымыз. Қоғамда келісім және татулық болса, еліміз көздеген мақсатына жетеді. Біздің мақсатымыз — айқын. Бұл — Әділетті Қазақстанды құру. Осы жолда бәріміз бір кісідей жұмылайық, ардақты ағайын! Биыл қасиетті Рамазан айы Ұлыстың ұлы күнімен қатар келді. Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын! Әр шаңыраққа қыдыр қонып, бақ дарысын! Жаңа жыл құт-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!, — деді ол.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

8 қалада ауа сапасы нашарлайды

Келесі жаңалық

Қазақстанда бір тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырған

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады
Басты

Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

12 июня, 2026
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Мәдениет

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

9 июня, 2026
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Категориясыз

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

9 июня, 2026
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Мәдениет

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

9 июня, 2026
Yandex Qazaqstan көру, есту, сөйлеу және қимыл-қозғалыс ерекшеліктері бар адамдарға арналған 17 сервисті бейімдеді
Басты

Yandex Qazaqstan көру, есту, сөйлеу және қимыл-қозғалыс ерекшеліктері бар адамдарға арналған 17 сервисті бейімдеді

22 мая, 2026
Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды
Категориясыз

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

14 мая, 2026
Келесі жаңалық
Өткен тәулікте елімізде 182 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда бір тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырған

Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның 5 өңірінде сезілді

Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның 5 өңірінде сезілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

ЖСДП партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған Саяси кеңесінің отырысы өтті

ЖСДП партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған Саяси кеңесінің отырысы өтті

2 февраля, 2026
Жаңа адамдар бірден екі әлеуетті қылмыскерді әшкереледі

Жаңа адамдар бірден екі әлеуетті қылмыскерді әшкереледі

24 июня, 2025
Қаза тапқандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Қаза тапқандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

9 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.