Қазақстанда доллар бағамы түсті

Қазақстанда доллар бағамы түсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 9 ақпандағы күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында АҚШ доллары 454- 458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5 – 457,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 454,5 – 458 теңге аралығында құбылып тұр.

8 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,31 теңгеге төмендеп, 455,62 теңге болған.

Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 455,65 теңге.