Өткен тәулікте 114 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 114 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 114 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

9 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 595 адам коронавирус инфекциясынан (–1 435+ және 160 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 476 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, 8 ақпандағы жағдай бойынша, 78 адамнан COVID-19 анықталған болатын.