Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

2022 Метаморфозасы: БКБ қорытындысы

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
28 января, 2023
2022 Метаморфозасы: БКБ қорытындысы

27 қаңтар күні бірінші несиелік бюро медиа күнін ұйымдастырып, онлайн конференция өткізді. Конференцияда кепілдікті және кепілдіксіз тұтынушылық несие жайлы баяндалды

Байланысты

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы

«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Түсініктеме: несиелік портфельдің сапасы активтердің ликвидтілігіне байланысты. Активтердің ликвидтілігі дегеніміз – активтерді сату арқылы немесе борышкердің міндеттемелері орындалғанының арқасында оларды ақшаға айналдыру мүмкіндігі.

Несие портфелі – бұл жеке немесе заңды тұлғаларға берілген активтер жиынтығы. Қараша тілінде айтсақ, қарыз алушылардың қаржы институтына қайтаруға тиіс барлық қарыздары. Кредиттік бюро таматын пайыздарды, төлемді кешіктіргені үшін айыппұлды, өсімпұлдарды және өзге де қосымша табыстарды қамтымайды.

Мақала 2023 ж. 1 қаңтарда бірінші кредиттік бюроның (БКБ) жеке ақпарат көздерінен алынған деректерге негізделген.

Кепілдікті тұтынушылық несиелер

Кепілдікпен берілген тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы 26,1%-ке (61,6 млрд теңге), 297,8 млрд теңгеге дейін өсіпті. Алайда жасасылған келісім-шарт саны екі есеге қысқарды, яғни, 267,5 мыңды құрады.

Несие кепілдікпен берілгенмен, шамамен 80% жағдайда тек 300 мың теңгеге дейін несие беріледі екен, бұл жалпы берілген несиелердің 5,9% ғана құрайды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Кепілдікті тұтынушылық несиенің көлемі 15,5%-ке (88,3 млрд теңге) өсіп, 659 млрд теңгеге жетті. NPL90+ (ағыл. Non-performing loan – мерзімі 90 күннен асқан несие) жалпы көлемі 198 млрд теңгені не ортақ портфельдің 30,1% құрады. Сонымен қатар, кешіктірілген несиенің жартысынан көбі 2015 жылға дейін берілген несиелерді қамтиді», – деп жазды олар DataHub_FCBK телеграм-каналында.

Кепілдіксіз тұтынушылық несиелер

Кепілдіксіз тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы 28,3%-ке (немесе 1,6 трлн теңгеге) өсіп, 7,4 трлн теңгеге жетті.

Бірақ оның жалпы сомасы сегменттелген, яғни, сұранысы мен тұтынушылығына қарай нақты бір санаттарға/топтарға бөлінген, ал динамикасы қарыз сомасына байланысты ерекшеленеді.

Қазіргі борышкерлердің (3,5 млн адам) сомасы 500 мың теңгеден аспайды. Олардың үлесі жалпы қарыз сомасының небәрі 10% құрайды – ол 740 миллиард теңгеге жуық. 2022 жылы бұл топтағы қарыз алушылардың портфелі 9%-ке өсіп, қазір орташа қарыз алу сомасы 202 мың теңгені құрайды, бұл 2022 жылдың қаңтардағы сомасынан (200 мың теңге) сәл ғана жоғары.

Қарыз алушылардың тағы 6,3 млн адамы 90% құрайды, бірақ бәріне шаққанда жалпы несиенің 55% ғана (шамамен 4,1 трлн. теңге) тиіп тұр. 2022 жылы кепілдіксіз несие 16,3%-ке өскен, негізі инфляция 20,3% құрағандықтан, бұл төмен көрсеткіш деп саналады.

Сөйтіп, жалпы несиенің 45 процентін (3,3 трлн теңге) қарыз алушылардың 10% ғана (700 мың адам) қамтамасыз етіп отыр. Әрқайсысының қарыз сомасы 2,5 миллион теңгеден асады. Негізі, олардың сомасы басқалардан жылдамырақ артуда: 2022 жылы сол 10% қарыз алушылардың жалпы қарызы 47%-ке өскен екен.

2022 жылы берілген тұтынушылық несиелердің сомасы 6,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,8%-ке жоғары.

«Несие алғандардың жалпы саны кепілдіксіз тұтынушылық несиенің санымен пара-пар келді. Яғни, 6,9 миллион теңгеге 6,1 млн адам келді. Берілген несие көлемі болса 6,7 трлн теңгені құрады», – деді БКБ бас директоры.

Несие берудің орташа көрсеткіші ақырындап азаюда: бір жыл ішінде ол 314 мыңнан 246 мың теңгеге дейін азайды. Ал қарыз алушылардың 90% несиенің орташа сомасы қаңтар-желтоқсан айларында 178 мың теңгеден 171 мың теңгеге дейін төмендеді. Біздің ойымызша, несие көлемі өткен жылдың 12 шілдесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының арқасында төмендеген сияқты.

Күшіне енген заңның бір тармағында барлық несиелердің жиынтығы қарыз жүктемесінің коэффициентінен аспау тиіс деп жазылған. Бұл несие өтеу төлемі адамның жеке табысының 50% аспайтынын білдіреді. Мысалы, 200 мың теңге жалақысы бар адам жалпы төлем сомасы 100 мың теңгеден жоғары несие ала алмайды. Егер табыс көзі аз болғанына қарамастан, қарыз алушының қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары болса, онда несиенің жалпы сомасының қалдығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (шамамен 37 389 теңге) және әр бала үшін ең төменгі күнкөрісінің жартысынан (18 мың теңге ) төмен болмау керек.

Жалпы несие портфелінің сапасы бір жылда аса өзгере қойған жоқ: егер 2022 ж. 1 қаңтарында мерзімі 90 күннен асқан несие көлемі 12,9% құраса, 2023 ж. 1 қаңтарында 12,8% құрайды. Айта кетелік, NPL90+ жалпы көлемі биылғы жылдың басында 943,8 млрд теңгеге жетті.

Спикер өткен жылды жұлдызқұрттың метаморфозасымен, ал биылғы жылды көбелекке айналуымен теңестірді. Сондықтан, біз де алдағы уақытта жағдай оңалады деп үміттенеміз.

Tags: Бірінші несиелік бюроконференцияҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Келесі жаңалық

5,5 мың шетелдік көлік заңдастырылып, қазақстандық нөмір берілді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
Категориясыз

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы

13 декабря, 2025
«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді
Категориясыз

«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді

12 декабря, 2025
Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді
Категориясыз

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

12 декабря, 2025
Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды
Категориясыз

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

12 декабря, 2025
Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
Категориясыз

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

11 декабря, 2025
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Категориясыз

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

11 декабря, 2025
Келесі жаңалық
5,5 мың шетелдік көлік заңдастырылып, қазақстандық нөмір берілді

5,5 мың шетелдік көлік заңдастырылып, қазақстандық нөмір берілді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі көші-қонның жаңа ережелерін баяндап берді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі көші-қонның жаңа ережелерін баяндап берді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қарағанды ​​облысындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам ауыр жағдайда

Қарағанды ​​облысындағы жарылыс: зардап шеккен бір адам ауыр жағдайда

30 января, 2024
Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды

Маңғыстау облысында «Айрақты» визит орталығының даму тұжырымдамасы таныстырылды

20 февраля, 2025
БАӘ-дегі су тасқынының салдары: Jusan Garant зардап шеккен автодилерге 500 мың АҚШ долларын төледі

БАӘ-дегі су тасқынының салдары: Jusan Garant зардап шеккен автодилерге 500 мың АҚШ долларын төледі

15 августа, 2024

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
  • «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді
  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.