Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaqpress.
Ведомство өкілдері Қазгидромет мәліметі бойынша, 12-16 қаңтар аралығында температура -25 градусқа дейін күрт төмендейтінін атап өтті.
— Бұл қауіпті метеорологиялық құбылыс. Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД қысқы кезеңде сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Көшеде ұзақ серуендемеңіз. Қаладан тыс жерлерге бармаңыз. Көшеге шыққанда жылы киініңіз. Сонымен қатар, департамент қажет мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды күшейтуді ұсынды, — деді департамент өкілдері.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз