Олег Крук Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарады

Олег Крук Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарады

Мемлекет басшысының жарлығымен Олег Крук Павлодар облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорда сайтына сілтеме жасап.

— Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалсын, — – делінген Жарлықта.

Еске салсақ, бұған дейін Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.