Доллар бағамы тағы төмендеді

Доллар бағамы тағы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 462,49 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463-466 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 463-468 теңге аралығында құбылып тұр.

9 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге төмендеп, 462, 47 теңге болған.