Өткен тәулікте елімізде 115 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте елімізде 115 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 115 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

2 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 814 адам коронавирус инфекциясынан (–2 616+ және 198 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 555 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.