Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ұлттық тілдің мәртебесі қандай?

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
29 декабря, 2022
Ұлттық тілдің мәртебесі қандай?

Жуырда Tik-tok әлеуметтік желісінде Мәскеу қ. «Орион» кондитерлік үйінің өнім мұқабасында торт құрамының қазақша тізімі сауатсыз жазылған бейнеролик жарияланды.

Байланысты

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

Бейнероликте тұтынушы торт өнімінің құрамында не бар екенін анық түсіріп, сауатсыз жазылған қазақша нұсқасына назар аударды. Бірінші болып көзге анық түскені «яйцо 1 кат» құрамдас бөлігінің «1 мысық жұмыртқасы» деген аудармасы еді. Алайда, пікір білдірушілердің қырағылығы мұқабаға жақсырақ үңіліп, «салмақты шоколад», «шайқалған кілегей», «қоюландырылған сүт», «шоколад қоры» сынды тағы бірнеше қате аудармаларды байқауға септігін тигізді.

Еске сала кетелік, 2004 жылы қабылданған, ал 2013 жылы өңделіп, бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты бойынша (ҚР СТ 985-2013) «Тұтынушы салу, сақтау, тасымалдау және сату шарттарын сақтаған жағдайда дайындаушы торттар, орамалар және пирожныйлардың стандарт талаптарына сәйкес екендігінің кепілдігін беруге тиіс».

Яғни, өнім құрамының тізімі дұрыс қазақшаға аударылмағаны бұл талапты бұзып тұр деген сөз ғой?

«Орион» кондитерлік үйі Мәскеу облысының Мытищи қаласында орналасқан және шамамен 18 жылдан астам жұмысын жалғастырып келеді. 763 тауар түрін қамтиды. Негізгі өндірілетін азық-түлік өнімдері: нан, торттар мен кондитер өнімдері, безе, пряниктер және т.б.

Сонымен қатар, Қ-Ж. Тоқаев жуырда ТМД аумағында орыс тілін дамыту туралы үш ай бұрынғы бастамасын қайта көтерген болатын. Нәтижесінде 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен бейресми саммитте Тоқаев 2023 жылды «орыс тілінің жылы» деп бекітуге келісімін бергенін еске сала кетелік. Бұл жаңалыққа халық әлбетте наразы болғанын да назардан тыс шығармауымыз керек.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Негізі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі N 151-І «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 4-бабында «Қазақстан Республикасының ұлттық тілі – қазақ тілі» деп бекітілген болатын. Онда неге Ұлттық стандартқа сай емес өнімге KZ маркасын беріп, нарыққа шығуына рұқсат еткен? Қазақша нұсқасындағы ингредиенттер тізіміне қарап тұрсаң, торт құрамындағы қоспалар расымен стандартқа сай емес пе деп ойлап қалуға болады.

Кейбір сарапшы мамандардың айтуынша, сапалы аудармашылар, филолог, лингвист, журналистер тиісті түрде қаржыландырылмайды, ал ҚР Ұлттық Стандартты бақылау қызметінің салғырттығының кесірінен осындай жайт орын алып отыр.

Ал, сіздің ойыңызша мұнда қазақ тілінің мәртебесі түсіп тұр ма әлде қызметте жай ғана ағаттық кету мүмкін бе? Елімізде сапалы мамандар тапшы ма әлде ресми түрде жарияланғандай тілге деген құрмет шын мәнінде жоқ па?

Tags: Tik-tok«Орион» кондитерлігіҚазақстан
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

Келесі жаңалық

Ресей өзінің үгіт-насихаттары үшін мамандар іздеуде

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Келесі жаңалық
Ресей өзінің үгіт-насихаттары үшін мамандар іздеуде

Ресей өзінің үгіт-насихаттары үшін мамандар іздеуде

Қала әкімдігі Алматы Балалар жедел жәрдем орталығының емделушілерін Жаңа жылмен құттықтады

Қала әкімдігі Алматы Балалар жедел жәрдем орталығының емделушілерін Жаңа жылмен құттықтады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан мен ЕАЭО елдері «сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күресті күшейтуде

Қазақстан мен ЕАЭО елдері «сұр импорт» пен темекі контрабандасына қарсы күресті күшейтуде

29 декабря, 2025
Алматы барахолкасында өрт шықты

Алматы барахолкасында өрт шықты

11 ноября, 2022
Ақтөбе «сары» аймаққа кіріп, өңірде карантин шаралары күшейтілді

Ералы Тоғжанов: Елде локдаун енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ

24 июня, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
  • «Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.