Нұрлан Мәсімовке қатысты іс сотқа жолданды

Нұрлан Мәсімовке қатысты іс сотқа жолданды
Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Qazaqpress Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

— Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е.Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен соталды тергеуді аяқтады, — делінген хабарламада.

Айта кетсек, Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталған.

Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталып жатыр.