Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin by admin
16 декабря, 2022
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» — Президент Жолдауының толық мәтіні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байланысты

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

— Құрметті отандастар!

1991 жылғы 16 желтоқсан — төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл — егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.

Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау — қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті — бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.

Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз.

Тәуелсіздік — баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау — әр азаматтың қастерлі борышы.

Биыл еліміз үшін бетбұрысты жыл болды. Бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Елдігімізге іштен де, сырттан да зор қауіп төнді. Дегенмен мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында барлық қиындықты еңсеріп келеміз.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды қолға алып, мемлекетімізді жаңғыртудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бұл бастамаларды табысты жүзеге асыру — әрқайсымыздың қолымызда.

Егемен елімізді одан әрі дамыту — алдымызда тұрған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады.

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Қазақстанымыз өркендей берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! — деді Президент.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Семейдегі ЖЭО-1-де түнде болған өрттен кейін тұрғындар жылусыз қалды

Келесі жаңалық

Қабанбай батыр қайда жерленгені анықталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
Категориясыз

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

14 марта, 2026
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
Категориясыз

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

11 марта, 2026
Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды
Категориясыз

Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

10 марта, 2026
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
Категориясыз

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

9 марта, 2026
Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды
Категориясыз

Бейбіт Исабаев әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар тапсырды

6 марта, 2026
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Категориясыз

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

5 марта, 2026
Келесі жаңалық
Қабанбай батыр қайда жерленгені анықталды

Қабанбай батыр қайда жерленгені анықталды

Алматы университетінің профессоры мен студенті бір күнде қайтыс болды

Алматы университетінің профессоры мен студенті бір күнде қайтыс болды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Пневмониядан тағы 3 адам қайтыс болды

Бір күнде 81 адам коронавирус пневмониясына шалдықты

23 июня, 2021
«Менің мына жұмысқа да, басқа жұмысыма да уақытым бар», – Мәжіліс спикері Тоқаевтың сайлауалды штабының басқармасы жөнінде

«Менің мына жұмысқа да, басқа жұмысыма да уақытым бар», – Мәжіліс спикері Тоқаевтың сайлауалды штабының басқармасы жөнінде

9 ноября, 2022
Алматы қаласында отит болған жағдайда қалай медициналық көмек алуға болады

Алматы қаласында отит болған жағдайда қалай медициналық көмек алуға болады

17 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
  • Референдум өте жақсы ұйымдастырылды – Италиялық Азия институтының басшысы
  • Еліміздегі 116 жастаы ен карт турын дауыс берді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.