Соңғы тәулікте 114 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Соңғы тәулікте 114 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 114 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирусты бір тәулікте тағы 114 адам, коронавирус белгілері бар пневмонияны 3 адам жұқтырды. Коронавирус пневмониясынан 1 адам көз жұмды.

Жалпы осы күні коронавирус инфекциясынан –1 214 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан — 197 (КВИ-), барлығы 1 411 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 176 пациент стационарда, 1 235 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
— 7 адамның жағдайы ауыр,
— 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.